Астана маңында қураған шөп жанып жатыр. Соның салдарынан қаланы түтін басты.
Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, шөптің өртеніп жатқаны туралы хабар 9:12-де түскен.
Өрт шыққан жерге барған өрт сөндірушілер Қорғалжың тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөптің өртеніп жатқанын анықтады.
Қазір өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өртті сөндіру қатты екпінді желдің және жердің батпақтығы салдарынан сондай-ақ кірме жолдардың болмауымен қиындау түскен.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 140 адам және 21 бірлігі, әкімдіктің 8 суару машинасы және Астана орманның 10 техникасы жұмылдырылды.
Сондай-ақ дәрігерлер астаналықтарды көшеге шықпауға шақырды. Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты болып отыр.