Жаңалықтар

Қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді Грузияда өлтірген күдікті ұсталды

Қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді Грузияда өлтіріп кеткен. Қазіргі кезде қылмыс жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

Ведомство Жанбота Төлегеннің Грузияға жеке сапармен барғанын, кісі өлтіру оның кәсіби қызметімен байланысты емес екенін атап өтті. Ал Грузия ІІМ күдікті оның танысы екенін хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасының Тбилисидегі Елшілігіне Телави қаласының құқық қорғау органдарынан Қазақстан Республикасы азаматын өлтіру дерегі туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген дүйсенбі күні баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Олар сондай-ақ марқұмның денесі отанына жеткізіліп, 2 маусымда жерленген.

«Тергеу мүддесі үшін кісі өлімі дерегі мен күдіктінің деректері жарияланбайды», – деп қосты СІМ.

Бұған дейін журналист Назира Дәрімбет Facebook-тегі парақшасында Жанбота Төлегеннің бір ай бойы хабарласпағанын айтып, дабыл қаққан болатын. Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда әріптесімен байланысқа шыққан.

Ол 20 жылдай бұрын Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген.