Жаңалықтар

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастры бойынша қызмет көрсету уақытша тоқтатылды

Фото: kursiv.media

Қазақстанда жылжымайтын мүлік және жер кадастры бойынша қызметтерді онлайн алу 19 маусымнан бастап уақытша тоқтатылады. Бұл жайлы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы хабарлады.

«Мемлекеттік корпорация, ағымдағы жылдың 19 маусымында Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіне деректерді көшіруге байланысты жер және жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері уақытша тоқтатылатынын хабарлайды», делінген баспасөз хабарламасында.

Қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау, оның ішінде ХҚКО-лар арқылы оның ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жылжымайтын мүлікті ресімдеу, сондай-ақ, eGov.kz порталы арқылы тіркелу, нотариустар, салық ұйымдары, ЕДБ және ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйелері арқылы қызмет көрсету уақытша тоқтатылады.

Қызмет іске қосу-реттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тоқтайды. Солайша бірнеше күн ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастры мен сервистері дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.