«Самұрық-Энерго» компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қайрат Мақсұтов әр жылдары банк құрылымдарында, квазимемлекеттік секторда қызмет еткен. 2009 жылдан 2018 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2018 жылдан қазіргі кезге дейін энергетика саласындағы холдингтік компанияларға басшылық жасады.», делінген компания хабарламасында

Акцияларының 100% -ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі«Самұрық-Энерго» еліміздегі ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.

Сондай-ақ оқыңыз