Стати ісі: Швецияның Жоғарғы Соты Ұлттық Банктің шағымдану құқығынан бас тартты
Фото: kursiv.media
Стокгольм арбитражы шығарған шешімнің күшін жоюға арналған жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Бұл жайлы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2013 жылғы желтоқсанда Халықаралық сауда палатасының Стокгольм арбитражы Қазақстан Республикасына қарсы шешім шығарған болатын.
Қазақстан Республикасы бұл шешімге екі рет шағымдануға тырысты, бірақ нәтиже болмады.
Стати, шешімді мәжбүрлеп орындау жөніндегі науқан шеңберінде 2017 жылы Ұлттық Қордың қаражатына тыйым салынды, оның мүддесін Ұлттық Банк қорғайды.
Айта кету керек, Ұлттық Банк Брюссель соты арқылы Швецияда аталған қаражатты өндіріп алуға шектеу қойды, ол бойынша осы жылдың шілдесінде шешім шығады.
2023 жылдың 16 қаңтарында Швецияның апелляциялық соты Ұлттық Банкке апелляциялық өтінішхат берілген Ұлттық Қордың қаражатына қатысты мәжбүрлі атқарушылық шаралардың күшін жоюдан бас тартты.
2023 жылы 14 маусымда Швецияның Жоғарғы Соты Ұлттық Банктің шағымдану туралы құқығынан бас тартты.
Қазақстан шешімнің күшін жоюға арналған жұмыстарды жалғастырады.