Алматыда 26 мың литр жанармайды заңсыз сатқандар анықталды
Фото: kursiv.media
Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы 2 жанар-жағармай кұю бекетінде 26 295 литр бензиннің заңсыз сатылғаны анықталды. Екі жанармай бекетінің иесі бір адам. Кәсіпкер «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңды бұзған. Бұл заңсыздықты Алматы қаласы Мемлекетттік кірістер департаменті анықтаған.
Депуртамент акцизделетін тауарлардың көлеңкелі айналымын анықтау мақсатында акцизделетін өнім нарығы субъектілеріне тұрақты түрде талдаур жүргізіп отырады.
Кезекті тексеру барысында анықталған заң бұзу үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 281-бабының 5-тармағы 8-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған факті бойынша шешім қабылдау үшін іс Алматы қаласының сот органдарына берілмек.