Алматыда АИТВ жұқтырғандар сәуір айында Орталық клиникалық ауруханада емделген

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емделіп жатқан АИТВ-ның оң мәртебесі бар 3 пациенттің анықталуына байланысты жүргізілген жоспарлан тыс тексеру туралы ақпарат берді.

«Тексеру барысында барлық пациенттер 2023 жылдың сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта осы пациенттермен байланысты болған 593 адамнан АИТВ-ға тексеру үшін материал алынды, оның 419-ында нәтиже теріс, қалған 174-і әлі сараптамадан өтіп жатыр.

Естеріңізге саламыз, 14 маусым күні Алматы қ. ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) АИТВ оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтағаны хабарланған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті орталық аппаратының және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ бейінді мамандардан тұратын комиссия 14 маусымынан бастап осы оқиғаны тексеруді бастады. 

Тексеру шеңберінде пациенттердің бағыты белгіленеді, ОКҚА-да көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы және пациенттер емдеуге жатқызылған бөлімшелерде медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың профилактикасы бойынша инфекциялық бақылаудың сақталу мониторингі бағаланады.

«Денсаулық сақтау министрлігі істерді тексеру барысын ерекше бақылауда ұстайды және бұл туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады», делінген хабарламада.

    Сондай-ақ оқыңыз