Ақордада қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі талқыланды

Жарияланды
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізді. Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді», делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Тет-а-тет форматындағы келіссөздер достық рухында өтті және конструктивті әрі мазмұнды болды.

Екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз