Астана маңындағы өрт сөндіріліп жатыр

Жарияланды

Фото: ТЖМ

Елорданың өрт сөндірушілері Астан қаласы маныңда өртенген құрғақ шөпті сөндіріп жатыр. Оқиға орнына ТЖМ министрі Сырым Шәріпханов барып, қосымша Қазавиақұтқару авиатехникасын тартуды тапсырды.

Сонымен қатар министр өртті жедел өшіру үшін қажет күш пен құралдарды топтастыруды тапсырған.

Өрт орнында Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облысының ТЖД 185 қызметкері мен 37 техникасы, қала әкімдігінің 6 суару машинасы жұмылдырылған.

19 маусым күні қала маңындағы құрғақ шөп жанып, Астана көк түтіннің астында қалды. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, шөптің өртеніп жатқаны туралы хабар 9:12-де түскен. Өрт шыққан жерге барған өрт сөндірушілер Қорғалжың тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөптің өртеніп жатқанын анықтаған.

8 маусым күні Абай облысындағы «Семей орманы» резерватында шыққан алапат өрт 60 мың гектарға жайылып, 15 адамның өмірін қиған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз