Астана мен Берлин Ресейдің санкцияларды айналып өтуіне жол бермеуі керек – Штайнмайер
Фото: Ақорда
Астана мен Берлин Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуге жол бермеу үшін бар күш-жігерін салуы керек, деп мәлімдеді Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер.
«Президент Тоқаевпен санкциялар туралы және санкцияларды айналып өту тақырыбын талқыладық. Біз Ресейдің санкцияларды айналып өтпеу үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Ал әңгімемізде Қазақстан билігі мен ЕО арасында тығыз байланыс бар екенін білдік», деді Штайнмайер сейсенбі күні Астанада.
Штайнмайер Ресейдің әскери әрекеттері тек экономикаға ғана емес, сонымен қатар көршілес елдердің логистикасына да әсер ететінін атап өтті, осыған байланысты ол Қазақстанның Еуропа нарығына шығуы үшін баламалы бағыттарды іздестіріп, басқа логистикалық бағыттар табу жолындағы шараларын қолдайтынын айтты.
«Ресей агрессиясының экономикалық және логистикалық салдары болды. Бұған дейін Қазақстан Еуропамен Ресей және Беларусь аумақтары арқылы байланысатын. Сондықтан біз қазақстандық тараптың Орталық дәлізді дамыту туралы бастамасын қолдап, құптаймыз. Орта дәлізді халықаралық бағыттың баламалы жолы ретінде дамытып, қуатын арттыру жөніндегі жөніндегі жоспарын қолдаймыз», деп атап өтті Германия президенті.
Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық ынтымақтастығына тоқталатын болсақ, Германияның тікелей шетелдік инвестициясының жалпы ағыны 2022 жылы 469,5 млн АҚШ долларын, яғни 1,7% құрады. Бұл 2021 жылдың осы кезеңдегі нәтижесінен 1,5 есе артық.
Германиядан келетін ТШИ көлемі 2020 жылы 323 млн-нан 259 млн-ға дейін күрт төмендеген. Алайда бұл көрсеткін екі жыл қатарынан өсіп, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2013-2014 жылдардағы деңгейіне жетті.
Германиядан келген ТШИ-нің максималды көлемі 2012 жылы – 681,6 млн теңгені құраған. Ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл ел Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестиция жөнінен 10-шы орында тұр. Неміс капиталының қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар экономиканың түрлі секторларында жүзеге асырылады.
«Kazakh Invest» ҰК деректері бойынша 2017-2022 жылдар аралығында неміс капиталының қатысуымен CLAAS ауыл шарушылық техникасын құрастыру, легирленген алюминий өндірісі сияқты жобалар іске асырылған. Ал Алматы облысында неміс инвесторларының қатысуымен ет өңдеу зауытының құрылысын іске асыру жоспарланып жатыр.
Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді.
Ақордада қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі талқыланып, екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.