Астанада банк бөлімшесіне шабуыл жасаған күдікті екі айға қамалды

Жарияланды

Астанада Kaspi Bank бөлімшесіне шабуыл жасаған ер адам екі айға қамауға алынды.
Астана сотының хабарлауынша, 2023 жылдың 20 маусымында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Айта кетейік, 18 маусымда Астанада қаруланған ер адам банктердің бірінде қызметкерлерді кепілге алған.
Полиция кейіннен шабуыл жасаған қызметкерлерді ғимараттан шығарып, қарулы ер адамды ұстады. ІІМ сол жағдайға байланысты ешкімнің жарақат алмағанын мәлімдеді. Ал кепілде болған банк қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыз