Индустрия министрлігі жеңілдетілген автонесиені тоқтату шешімі неге енді жарияланғанын түсіндірді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов 4%-дық автонесие бағдарламасын тоқтату шешімін түсіндірді.

Арнайы брифинте журналистер «Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 4%-дық автонесие бағдарламасын тоқтату туралы шешімді неге Ақорда кулуарында айтты? Неге арнайы брифинг өткізбеді?», деп сұрады.

«Бұл шешімді қабылдауға министрмен бірге дайындалдық. Бұл шешімді өткен аптада жариялаймыз деп ойладық. Алайда елімізде болған соңғы жағдайлар осыған әсер етті. Министр мәлімдеме жасады, ендігі біздің міндетіміз жағдайды түсіндіру. Біз бәрі біз күткеннен басқаша болғанын білеміз. Жыл басынан бері біз бағдарламаның талабы өзгеретінін түсіндік», – деп жауап берді Ілияс Оспанов.

Айта кетейік, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 4%-дық автонесие бағдарламасы жұмысын тоқтататынын хабарлады. Оның айтуынша, қаражат енді қоғамдық көлік саласын дамытуға жұмсалады. Ал бағдарламаның жұмыс істемейтіні жеңіл көліктің құнына әсер етпейді.

Сондай-ақ оқыңыз