Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдетуде Германия ЕО ұстанымын құптайды

Жарияланды
Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер / Ақорда

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесінде Германияның ұсынымы туралы мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл мәселе Еуро Одағы деңгейінде қарастырылады.

«Бұл өте маңызды аспект. Қазақстан азаматтарының Германияға келуін және Германия азаматтарының Қазақстанға келуін анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға біз де мүдделіміз. Өзіңізге мәлім, виза мәселесі Еуропалық Одақ деңгейінде, еуропалық ведомстволар деңгейінде қарастырылады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша ЕО ұстанымын құптаймыз».

Сондай-ақ оқыңыз