Қазақстан банктерінің кірісі азайған
Фото: kursiv.media
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің міндеттемелері жыл басынан мамыр айына дейін 1,02%-ға өсіп, 39,7 трлн теңгеге жеткен. Бұған Ұлттық банк статистикасы дәлел. Тек сәуір айында екінші деңгейлі банктердің міндеттемелері 1%-ға қысқарған.
Клиент алдындағы міндеттемелері 1,1%-ға азайып, 31,33 трлн теңгені құрады. Қаржы ұйымдарының активтері жыл басынан бері 1,8%-ға өсіп, 45,37 трлн теңгеге жетті. Клиенттерге берілген несие бес айда 5,3%-ға өсіп, 23,17 трлн теңгеге жетті.Корреспонденттік шоттар 22,4%-ға азайып, 3,1 трлн теңгені кұраса, капиталы 7,9%-ға өсіп, 5,64 трлн теңгеге жетті.
Банк секторының кірісі мен шығысы туралы есепте жыл басынан бері кірістің жалпы көлемі 3,6 есе, яғни 32,4 трлн теңгеге дейін төмендегені көрсетілген. Жыл ішінде бұл көрсеткіш 39,2 пайызға төмендеген. Оның ішінде сыйақысыз табыс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,5%-ға азайып, 30,2 трлн теңгені құрады.
Банк сегментінің шығысы да бір жылда 3,65 есе және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,4%-ға қысқарды. Маусым айының басында ол 31,4 трлн теңге болды. Мамыр айында бүкіл саладағы кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылық жыл басындағы 1,6 трлн теңгемен салыстырғанда азайып, 877,7 млрд теңгені құрады.