Қазақстан Германияға экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Жарияланды
shutterstock

Қазақстан «Дружба» магистральдық мұнай құбыры арқылы Германияға ай сайын 100 мың тонна мұнай жеткізеді, дегенмен экспорт көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесуі кезінде кулуарда журналистерге Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

«Біз жыл басында шағын көлемнен бастадық, ай сайын шамамен 20 мың тонна. Қазір қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде біз «Дружба» мұнай құбыры бойынша осы Келісімге қол қою қорытындысы бойынша ай сайын 100 мың тоннаға дейін қазақстандық мұнай көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, — деді Сәтқалиев.

Энергетика министрінің айтуынша, бұған дейін Германияға Urals маркалы ресейлік мұнай жеткізіліп келді. Ал, қазір ГФР тарапы осы мұнайды ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қазақстан мұнайының сапасы ресейлік шикізаттың сапасына жақын, сондықтан оны алмастыра алады.

«Біз мұнайды үлкен көлемде жеткізу мүмкіндігін зерттеп жатырмыз. Осы жеткізілімдердің қорытындысы бойынша жеткізілім көлемінің ұлғаюы туралы айтуға болады», – деді Сәтқалиев.

«ҚазТрансОйл» компаниясы бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары Эрик Сағиев 19 маусымда жүк жөнелтушілер компаниядан «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға қазақстандық мұнайдың көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды сұрап отырғанын хабарлады.

«Адамова заставасына» келетін болсақ, ол арқылы Шығыс Германиядағы Шведт зауытына мұнай жеткізіледі, ресейлік «Транснефть» компаниясымен 2023 жылға 1,2 млн тонна көлемінде квота бар, тиісінше ай сайынғы айдау көлемі 100 мыңды құрайды. «Адамова заставасы» бағыты бойынша Шведт зауытына 100 мың тонна жеткізіледі», – деді ол.

Оның айтуынша, «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға келесі жылға мұнай жөнелту жоспары ағымдағы жылдың үшінші-төртінші тоқсанында талқыланатын болады.

«Қазіргі уақытта бізде бірқатар өтінімдер бар, мұнай жөнелтушілер ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды сұрайды, бірақ бәрі бізге ресейлік серіктестер тарапынан қандай өткізу қабілеті берілетініне байланысты болады», – деді Сағиев.

Оның сөзінше, ол үшін қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылардан тиісті өтінімдер қажет екенін атап өтті.

Сағиев Қазақстан «Теңізшевройл» ресурстарынан жөнелтіле бастаған Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры бойынша 1,5 млн тонна квота алғанын еске салды.

«Мұнайдың сапасына қатысты тар жол бар. Баку-Тбилиси-Джейхан бойынша қазақстандық мұнайдың сапасынан ерекшеленетін Әзірбайжан жеңіл мұнайы ғана айдалатынына байланысты, тиісінше, сапа банкі бойынша мәселе туындайды. Егер Қазақстан сорғы жүйесі бойынша сапа Банкінің өзгеруіне қатысты табысты келіссөздер жүргізе алса, бұл жағдайда Баку – Тбилиси – Джейхан Қазақстан үшін ұлғаяды деп ойлаймын», – деді ол.

Барлық экспорттық бағыттар бойынша 2022 жылы «ҚазТрансОйл» 13,1 млн тонна мұнай, ішкі бағыттар бойынша – 17,94 млн тонна мұнай айдады.

Сондай-ақ оқыңыз