2,5 млрд теңгеге тең 300-ден астам заңсыз валюта айналымы тоқтатылды – ҰҚК

Жарияланды
кнб
Коллаж: Kursiv.media

Жыл басынан бері Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресейден келген 150 шетелдік ҚР азаматының жалған құжатын пайдаланған. Сонымен қатар, қос азаматтығы бар 233 адам анықталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қауірсіздік қызметі биыл жалпы сомасы 2,5 млрд теңгені құрайтын 300-ден астам заңсыз валюта айналымының алдын алған.

«Қару-жарақ пен оқ-дәрі өткізбек болғандардың 153 әрекетінің жолы кесілді. Бұл қылмыс бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды», – делінген хабарламада.

Одан бөлек, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Биыл террористік сипаттағы қылмыс жасады деген күдікпен 30 адам ұсталғаны хабарланған. Осы кезеңде сот органдары аталған фактілер бойынша тағы да 10 адамды әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырды. 

Сондай-ақ оқыңыз