22 маусымда қазақ-қытай шекарасында автокөлік бекеттері уақытша жабылады
Жарияланды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 22 маусым күні қазақ-қытай шекарасында автокөлік бекеттері уақытша жабылатынын хабарлады.
«ҰҚК Шекара қызметі екі ел Үкіметтері арасындағы «Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы» келісімге сәйкес ҚХР-да тойланатын «Айдаһар қайықтары мейрамына (Дуань У)»байланысты 2023 жылғы 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөліктік өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізілмейтінін хабарлайды», делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, теміржолдағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.