Ақмола облысында 1 млрд теңге жымқырды деген күдікпен экс-шенеунік ұсталды

Жарияланды
Фото: Архив kursiv.media

Ақмола облысының прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысында жол құрылысына арналған 1 млрд теңгеден аса соманы жымқыруға қатысы бар деген күдікпен экс-шенеунік ұсталды.

«Ақмола облысының арнайы прокурорларымен мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды», делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, ол жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деп күдік қойылып отыр.  Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындалмағанына қарамастан, ол бюджеттен 1 млрд. 244млн. тенге төленген.

Осы факт бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (аса ірі көлемде жымқыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мұндай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.       

Сондай-ақ оқыңыз