Астана процесі: Сирия бойынша ең соңғы кездесу өтті

Жарияланды
Фото kursiv.media

Фото: kursiv.medi

Қазақстан Астана процесі аясында өткен Сирия бойынша кездесуді соңғысы деп жариялады. Бұл жайлы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш мәлімдеді.

«Сирияның аймақтағы оқшауланудан біртіндеп шығуын Астана процесінің өз міндетін абыроймен атқарғанының белгісі ретінде тұжырымдауға болады. Сирияның араб отбасына қайтарылуын ескере отырып, біз Сирия бойынша 20-шы кездесуді ресми түрде соңғысы деп жариялауды ұсынамыз. Астана процесі аясында», деді министрлік өкілі сәрсенбі күні пленарлық отырыс барысында.

Дегенмен, Астанада өткен кездесу қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия өкілдері 2023 жылдың екінші жартысында Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесуді өткізуге келіскен. Жиынның қай ел қаласында өтетіні айтылмады.

Осыда біраз уақыт бұрын Араб лигасының Сыртқы істер министрлері Сирияның 10 жылдан астам уақыт бұрын тоқтатылған ұйымға мүшелігін қалпына келтіруге келіскен болатын. Министрлер бұл шешімді Каирдегі ұйымның штаб-пәтерінде өткен арнайы жиналыста дауыс беру арқылы қабылдаған.

Сондай-ақ оқыңыз