МӘМС жүйесіне аудит жүргізіліп, әрбір дәрігердің жазбасы тексеріледі – Жоғары аудиторлық палата

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Жоғары аудиторлық палата міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне аудит жүргізіп, жүйеде жұмыс істейтін әрбір дәрігердің жұмысы тексереді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында палата басшысы Наталья Годунова мәлімдеді.

Палата төрайымы қазіргі таңда медициналық қызмет түрлерінің қайдан қаржыландырылып жатқанына қатысты түсініксіздік бар екенін айтты. Яғни қайсысы республикалық бюджеттен, ал қайсысы қазақстандықтардың медициналық сақтандыру қорынан төленетіні түсініксіз.

«Бұл схемада өздеріне белгілі бір сұрыптау бар. Бұл бұзушылық болып саналады. Олар МӘМС пайдасынан емес, олар өз қаражатын көбірек жұмсаған. Біз осының бәрін ретке келтіруіміз керек. Сол үшін медициналық мекемелерге аудит жүргіземіз, өйткені қор емдеу хаттамаларына үңілмей, тек дәрігерлер берген мәліметтер негізінде төлем дұрыстығын тексереді», деді Годунова «Курсив» тілшісіне берген сұхбатында.

Ол аудиторлардың тексерісі орталықтандырылып, республика бойынша барлық емханалар мен ауруханалар, яғни қаладан бастап, аудандардағы әрбір мелициналық мекеме тексерілетінін айтты.

Дәрігерлер аудит алдында «жалған тіркеу жасаған тұстарын өшіріп үлгермей ме?» деген сауал қойылды. Годунова олай жасау мүмкін еместігін айтты. Себебі барлық жазбалар қордағы интеграцияланған ақпараттық жүйеде сақталған. Онда енгізілген деректер дерекқордан жойылмайды.

Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжанов бір жыл ішінде емханаға бармаған адамның МӘМС төлемін қайтару керек деп бастама көтерген болатын.

Ажар Ғиният заңда қарастырылмағанын айтып, депутат сынына жауап қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыз