«Отбасы банктің» IT-жобаларына жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылады

Жарияланды
Shutterstock

Фото: kursiv.media

«Бәйтерек» холдингі «Отбасы Банктің» IT-жобаларын жоспарлау және қаржыландыруға жауапты адамдарды жауапкершілікке тартуды тапсырды. Холдинг акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған бұл шешім туралы «Отбасы Банкі» Қазақстан қор биржасына хабарлады.

«Бәйтерек» холдингі «Отбасы Банкі» АҚ Директорлар кеңесіне IT-жобаларды жоспарлау, қаржыландыру және іске асыру, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу салаларына жетекшілік ететін атқарушы орган мүшелерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау тапсырылсын. Сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 наурызды қоса алғандағы кезеңде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуы тапсырылсын», делінген құжатта.

«Бәйтерек» холдингі «Отбасы» банктің Директорлар кеңесіне осы шараларды жүзеге асыруға 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін уақыт берген.

Сондай-ақ оқыңыз