Қазақстан, Қырғызстан және Ресей жеке деректермен алмасу туралы келісімді ратификациялады.
Атап айтқанда, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қырғыз Республикасының заңына қол қойды.
Бұл құжатқа Қырғызстан, Қазақстан және Ресей қол қойған. Келісім шеңберінде ратификацияға қатысушы елдер өзара азаматтықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтермен, ел аумағында тұрақты тұру туралы құжаттар туралы, мүліктік міндеттемелер мен тараптар аумағында қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты деректермен алмасады.
Атқару комитеті Қазақстан мен Ресейдің ішкі рәсімдерді орындағанын хабарлады. Құжат қырғыз тарапы қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін күшіне енеді.