Қазақстандық еріктілерге сақтандыру керек

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қазақстандық еріктілерге мемлекеттік сақтандыру қажет. Бұл мәселені Астанада өтіп жатқан халықаралық волонтерлар форумында «Ұлттық еріктілер» желісінің басшысы Вера Ким көтерді.

«Соңғы кезде Төтенше жағдайлар жиілеп кетті. Бұл тек біздің елімізде ғана емес, біз бауырлас елдерге де көмек көрсетіп жатамыз. Осы бағытта жүрген жандарды, волонтерларды, төтенше жағдай салдарымен күресіп жүрген адамдардың мемлекет тарапынан қорғалуын қалаймыз. Осындай азаматтарымыз мемлекет тарапынан сақтандырылғаны дұрыс деп ойлаймын. Бұл біздің волонтерларымыздың да алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайды», дейді Вера Ким.

Сонымен қатар еріктілер тобының жетекшісі мұндай сақтандыру арнайы оқытылып, сертификат алған еріктілерге берілу керек екенін айтты.

«Влонтерлар кез-келген төтенше жағдай болған нүктеде жұмыс істеу үшін бірінші оқу оқиды. Төтенше Жағдайлар министрлігі тарапынан оқтылып, арнайы сертификат алған соң ғана қауіпті аймақта жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Олар ол сертификатты емтихан тапсырып барып алады. Міне осындай еріктілерімізге мемлекеттен қолдау керек. Олар сақтандырылуы тиіс», дейді ерікті.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада волонтерлардың халықаралық форумы өтіп жатыр. Онда волонтерлердің статусын арттыру, ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуді нығайту мәселелері қаралып жатыр. Жалпы, форум жұмысына 34 елден 40 спикер келген. Сәрсенбі форум жұмысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Сондай-ақ оқыңыз