Жаңалықтар

Елімізде үшінші ұялы байланыс операторын құруға шетелдік инвестор тартылуы мүмкін – Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин / Асқар Ахметуллин

Ұялы байланыс саласында бәсекелестікті дамыту үшін Қазақстанға жаңа оператор керек. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Оның сөзінше, ұялы байланыс операторларының саны үшеу болса, оңтайлы болар еді. Әлеуетті абоненттер санын ескере отырып, ең көп дегенде төртеу болуы тиіс.

«Қазақтелеком» операторларының бірін бәсекелестік ортаға беру туралы «Самұрық-Қазына» АҚ алдына міндет қойдық. Бұл мақсатта олар бірнеше инвестициялық ұсынысты қарап жатыр, соның ішінде шетелдік инвесторларды да. Әзірге келіссөздердің шарттарын жария ете алмаймыз, алайда «Қазақтелеком» ұялы байланыс операторлары бірінің базасында үшінші операторды құру міндеті қойылып отыр, деді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар, Цифрлық даму министрі Астанадағы байланыс сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. Оның сөзінше қала бойынша байланыс сапасы нашар 30 нүкте бар. Дегенмен, үйлердің шатырына байланыс антеннасын қойға қарсы радиофобтармен күрепес үшін, әкімшілік жекелеген станциялар салатын жерлер бөлуді ұйғарған. Қазір, Астанада 10 станция салу үшін учаскелер бөлінген.

Бұған дейін, Қазақстан ұялы байланыс операторларының бірін «Қазақтелеком» үлесінен шығару мәселесі талқыланып жатқаны хабарланған болатын.