Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі қала ауруханасында АИТВ-ның анықталған жағдайлары туралы түсініктеме берді.
«Бұл мәселе бойынша жұмыс жалғасуда. Материалдар Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді. Комиссия өз жұмысын жалғастыруда, кеше аралық нәтижелер жарияланды, – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде.
Әкімнің айтуынша, комиссияның тексеруі аяқталғаннан кейін барлық қажетті шешімдерді қала әкімдігі мен Денсаулық сақтау министрлігі қабылдайды.
«Барлығы өз жұмыс орындарында жауапты болуы керек. Егер аурухана мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары кінәлі деп танылса, онда олар жауап береді. Тиісті шешім қабылдаймыз», – деді әкім.
Естеріңізге саламыз, 14 маусым күні Алматы қ. ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) АИТВ оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтағаны хабарланған болатын.
Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті орталық аппаратының және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ бейінді мамандардан тұратын комиссия 14 маусымынан бастап осы оқиғаны тексеруді бастады.
Тексеру барысында барлық пациенттер 2023 жылдың сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталған болатын.