Есірткі тасымалдады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген жан Түркиядан елге жеткізілді

Жарияланды
экстрадиция
Коллаж: kursiv.media

Бас прокуратураның хабарлауынша, Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған азаматшаны беру туралы Қазақстан тарапының сұрауын қанағаттандырды.

«Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Елге экстрадициялады» делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Бас прокуратураның дерегінше, жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз