«Гонорары 10 млн теңгеден жоғары»: Министрлік әншілерге қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Мәдениет және спорт министрлігі «Ашық НҚА» порталына отандық әртістердің мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін алатын қаламақысы жазылған құжат жариялаған. Алайда түстен кейін министрлік «қазақстандық әртістердің гонорары туралы ақпарат қате» деген хабарлама таратты. Мәдмин мемлекеттік концерттерге кететін шығынды көбейту туралы шешім қабылдамаған. Порталдағы құжат та «НҚА әзірлеуші мемлекеттік органның ресми сұрау салуына сәйкес алынып тасталған».

«Айта кетейік, әртістер мемлекеттік концерттерге тегін қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттерге белсенді ат салысады. Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізуге жұмсалатын шығындарды ұлғайту туралы шешім қабылдаған жоқ», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

ҚазТаг агенттігі сілтеме жасаған құжатта Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16 ақпандағы №51 «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» бұйрығына енгізілетін өзгерістер бар еді.

Онда «Мемлекеттік мерекелік іс-шаралар мен салтанатты концерттерді өткізуге қызмет көрсету құнына әртістердің мәртебесі, беделі, орындаушылық шеберлігі әсер ететіні» жазылған.

Бұл қатарға Қазақстан Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақстанның Халық әртісі сынды атағы бар әртістер кіреді. Айталық, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаевалардың гонарары 5 миллион теңгеден басталса, Нұржамал Үсенбаеваға 2 миллион теңгеден жоғары төленбек.

Жобаны әзірлеушілер «көрсетілген қызмет құны жоба бюджетінің 25 пайызынан да асып түсуі мүмкін екенін» атап өтіп, «осы тармақтағы стандарт соманы 10 пайыздан 25 пайызға дейін көтеруді» сұраған.

Құжатта мысал ретінде басқа әнші-актер және жүргізушілердің қаламақысы келтірілген:

  • Димаш Құдайберген – 10 миллион теңге және одан жоғары;
  • Майра Мұхаммедқызы – 3 млн теңге;
  • Әлішер Кәрімов – 1,5 млн теңге;
  • Асылбек Еңсепов – 1,3 млн теңге;
  • Медет Чотабаев – 1,25 млн теңге;
  • Алтынай Жорабаева – 1,5 млн теңге;
  • Нұрлан Абдуллин – 1 млн теңге;
  • Жанар Дұғалова – 1,5 млн теңге;
  • Айгүл Үлкенбаева – 700 мың теңге;
  • Тамара Асар – 1,2 млн теңге;
  • Мария Мудряк – 5,5 млн теңге;
  • Мирас Жүгінісов – 5,5 млн теңге;
  • Ернар Садырбай – 2,5 млн теңгеден;
  • Мәди Сыздықов – 700 мыңнан;
  • Райым (Райымбек Бақтыгереев) – 2,5 млн теңгеден;
  • Қоба (Қобыланды Болат) – 2 млн теңге;
  • Дастан Оразбеков – 1,5 млн теңге;
  • Әли Оқапов – 2,5 млн теңге;
  • Садраддин – 2 млн теңге;
  • 2RAR – 1-3 млн. теңге;
  • Мади Рымбаев – 1,5 млн теңге;
  • Әділ Ахметов – 500 мың теңге;
  • Берік Айтжанов – 1,3 млн теңге;
  • Азамат Сатыбалды – 1,3 млн теңге;
  • Сырым Қашқабаев – 500 мың теңге;
  • Сағыныш Әбікеева – 550 мың теңге;
  • Динара Байзақова – 700 мың теңге.
Сондай-ақ оқыңыз