Жаңалықтар

Индекс бір жылда 1,6 пунктке көтерілді: Қазақстан халқы қартайып барады

тараз
Фото:kursiv.media

Қазақстанда 2022 жылы қартаю индексі 28,2 құрады, осылайша көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа өсті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3 және Қостанай облысы 48,9 келеді.

Бұл ретте, халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы, соңғы 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Онда 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді. Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында –11,7.

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.