![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/06/photo_5233379476962921647_y-1024x576.jpg)
Фото: Үкімет
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов ресми сапармен Грузияға келді. Бұл жайлы Үкіметтің баспасөз ортылығы хабарлады.
Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия Премьер-Министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды.
Грузия астанасында Әлихан Смайылов осы елдің Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.