Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі күрт төмендеп кетті
Фото: kursiv.media
Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 2,5 айда айтарлықтай төмендеді.
Атап айтқанда, 21 маусым күні мұнай өңдеу зауыттары 37,5 мың тонна мұнай өңдеген. Бұл 6 сәуірден бергі ең төменгі тәуліктік көрсеткіш. Мұндай мәліметтерді ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы келтірген.
Маусым айының бірінші жартысында зауыттар тәулігіне орта есеппен 53,9 мың тонна мұнай өңдесе, 16 маусымда бұл көрсеткіш 51,5 мың тоннаны құраған. Содан бері жағдай күрт нашарлап, бір аптада мұнай өңдеу көлемі 27%-ға азайып, көлемі небары 14 мың тоннаны құраған.
Көрсетікштердің күрт төмендеуіне Павлодар мұнай өңдеу зауытының тоқтауы себеп болды. Зауытта 20 маусымнан 19 шілдеге дейін жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Зауытта бензин және дизель отынының 37 мың және 47 мың тонна қоры жинақталған. Бұл қор зауытты жөндеу кезінде елде жанармай тапшылығын болдырмауға тиіс.
15 наурыз бен 7 сәуір аралығында «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес кәсіпорны – Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.