Қазақстанның ірі қалаларын агломерациялау туралы Қаулы күшіне енді
Фото: kursiv.media
Қазақстанда агломерациялардың тізбесі мен құрамы бекітілді. Наурыз айында жария талқыған шықғарылған құжат заңды күшіне енді.
«Қосымша берілген агломерациялардың тізбесі мен құрамы бекітілсін», делінген Үкімет қаулысында.
Құжат бойынша елімізддің ірі төрт қаласы маңындағы қалалармен, аудандармен, елді-мекендермен агломерацияланады. Олар: Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды қалалары.
Еліміздің ең ірі мегаполисі саналатын Алматы алдағы уақытта Қонаев қаласымен агломерцияланады. Ал Қонаев құрамына Заречное мен Арна ауылдары кіреді. Сонымен бірге қала агломерациясына жаңадан салынған Гейт сити қалашығы кіреді. Қала маңындағы Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай аудандары да алдағы уақытта маңында шоғырланған елді-мекендермен қосылып кетеді.
Ал Астананың агломерциялық тізбесінде Қосшы қаласы, Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандары бар жән ол аудандардың құрамына сол маңдағы елді-мекендер кірген.
Оңтүстігіміздегі ірі қала Шымкенттің құрамына кірген аудандар мен қалалар тізбесі келесідей: Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төле би, Түлкібас. Бұл аудандар құрамына кіретін елді-мекендер көбейеді.
Ақтөбе қаласы агломерациялық тізімінде Алғын, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандары бар, олардың олардың құрамына сол маңдағы ауылдар енеді.
Ал Қарағандының кеңеюі барысында оның құрамына Теміртау қаласы, Сарань қаласы, Шахтинск қаласы, Бұхар Жырау, Абай, Осакаровск аудандары енеді және олар да сол маңдағы шағын ауылдармен агломерацияланады.