«ӨзенМұнайГаз» ҚМГ-ға 47 млн теңге шығын келтіргені анықталды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы

Фото: kursiv.media

ҚМГ «Өзенмұнайгаз» бен оның мердігерлерін тексеру қорытындысын жариялады. ӨМГ қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жүргізілгенде 118 заң бұзу мен сәйкессіздіктер анықталды: 7 факт құқық қорғау органдарына жіберіліп, 10 мәселе бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, 101 мәселе бойынша жауапты адамдарға тәртіптік жаза қолданылады.

Ақтау қаласындағы брифингте ҚМГ Басқарма Төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов алдын ала есеп бойынша, компанияға 47 млн теңге шамасында шығын келтірілгенін мәлімдеді.

«311 бригадалық сағатқа немесе 27,8 млн теңгеге уақыт нормаларының артуы, сондай-ақ, 69 млн теңгеге жұмыс көлемінің орындалмауы және т. б. фактілер анықталды. Оған қоса, тексеру барысында ішкі коммуникацияның реттелмеуі, өндіріс процесіндегі олқылықтар, белгіленген жоспардың тиісті уақытында орындалмауы, сатып алу мерзімінің кешіктірілуіне қатысты өрескел фактілер әшкереленді», делінген ҚМГ таратқан хабарламада.

10 сәуір Жаңаөзен мұнайшылары елордаға келіп, Энергетика министрлігінің алдына жиналған еді. Оларды басты талабы – тұрақты жұмыс және лайықты жалақы болды. Алайда ҚазМұнайГаз Жаңаөзенде өзге де жұмыссыздар жұмыс күтіп кезекте тұрғандықтан, олардың талабын орындау мүмкін емес деп мәлімдеген еді.

2 мамырда Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен «БерӘлі Маңғыстау компани» сервис компаниясының бұрынғы қызметкерлері көтерген мәселелерді қарау бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.  

2 маусым күні Қаржы мониторингі агенттігі 46 млн залал келтірді деген күдікпен «ӨзенМұнайГаз» бас директорының орынбасары ұсталғанын мәлімдеді Б.Мамбетсапаев лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар таныстарын «Өзенмұнайгаз» АҚ-на заңсыз кіргізген деп айыпталды.

13 маусымда «Өзенмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі наразылық ұйымдастырған жаңаөзендік мұнайшылар жұмысқа қабылданатыны хабарлады. «Мөлдір Мұнай Сервис»ЖШС-де жұмысқа орналасу туралы бұрын ұсынылған ұсынысты қабыл алған.

Сондай-ақ оқыңыз