Жаңалықтар

Президент мемқызметкерлер мен полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметші күніне және Полиция күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін», – деп жазды Президент.

2007 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым Полиция күні деп бекілген.

Сонымен қатар бүгін Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері де өздерінің кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мемлекеттік қызметте 84 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Оның 55% – әйелдер, ал жартысынан көбі, яғни 52,7% орталық мемлекеттік органдарда еңбектенеді.