Қазақстан автоөнеркәсібі бір айда құны 670 млрд теңге болатын өнім шығарды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2023 жылы мамырда елдегі зауыттар жалпы сомасы 670 млрд теңге болатын 13 721 техника шығарды, бұл былтырғы нәтижемен салыстырғанда 38,2% көп. Арасында 53 256 жеңіл автомобиль (+46,2%), 791 автобус (+48,7%), 436 тіркеме мен жартылай тіркеме және 136 басқа арнайы техника бар. Өндіріс көлемі 2022 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 43,7% артқан. Бұл туралы Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығы хабарлайды.

Қазақстан автоөнеркәсібі жыл басында белең алған үрдісті жалғастырып, ай өткен сайын жанданып келеді. Бұған әдеттегідей жеңіл автомобиль өндірісінің артуы әсер етіп жатыр, дегенмен коммерциялық техника жасаушылар да қалыс қалған жоқ. Yutong автобустары мен арнайы техника құрастыратын QazTehna кәсіпорнында швециялық Scania жүк көліктерінің өндірісі салтанатты түрде басталды.

Бес ай қорытындысы бойынша Қостанайдағы «Allur» 35 345 (+44,8%) техника шығарған. Алатау баурайында орналасқан Hyundai Trans Kazakhstan мамандары 19 459 (+41,2%) жеңіл автокөлік құрастырды. Семейдегі СемАЗ зауыты 1 591 (+52%) коммерциялық техника жөнелтті. Көкшетаудағы КАМАЗ- Инжинирингте 410 жүк көлігі конвейерден түсті. QazTehna 362 автобус құрастырды. Hyundai Trans Auto мен Daewoo Bus Kazakhstan 240 және 224 техника жасады.

Ең танымал брендтер бестігіне (экспортты қоса алғанда) Hyundai (19 459), Chevrolet (13 767), Kia (10 801), Jac (10 240) және GAZ (1 639) енді. Модельдер қатарында Chevrolet Cobalt (8 440), Jac J7 (7 985), Hyundai Tucson (5 740), Kia Sportage (4 516), Hyundai Sonata (3 238) және Chevrolet Nexia (3 019) биіктен көрінді.

Сондай-ақ оқыңыз