Ресей Украина жеріне ядролық қару жаратын болса, НАТО-мен соғыс басталуы ықтимал

Ресей немесе Белорусь тарапынан Украина аумағында ядролық жарылғыш құралды қолдану – Солтүстік альянсқа жасалған шабуыл деп саналсын. АҚШ Сенаты осындай қарар әзірледі. Бұл туралы сенатор-республикан Линдси Грэм мәлімдеді деп жазады Интерфакс.
«Біз бүгін қарар шығардық, оның мәні мынадай: егер Ресей немесе Белорусь украин халқының жігерін жаншу үшін немесе қарсы шабуылды тоқтату үшін Украина жерінде ядролық қару жаратын болса, бұл НАТО-ға шабуыл ретінде қарастырылатын болады», деді ол сенатор-демократ Ричард Блюмментальмен бірігіп өткізген пресс-брифинг барысында.
Оның сөзінше, Ресей Украина жерінде ядролық қару қолдану «НАТО тарапынан ауқымды жауапқа алып келеді және ол НАТО-мен соғысу жағдайында болады».
Қарар ұсыным сипатында. Сондықтан ол қабылданған жағдайда да Ақ үй оны орындауға міндеттелмейді.