Жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстанда мұнай өндірісі биыл 90,5 млн тоннаға жетеді деп болжайды

Argus баға агенттігінің өкілдері «Argus Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы – 2023» атты V халықаралық конференциясында қазақстандық мұнай экспортының жаңа перспективалы бағыттарын атады.

Argus өкілінің айтуынша, биылғы жылы Қазақстанда мұнай өндіру 90,5 миллион тоннаға дейін өседі деп болжанып отыр. Сарапшы пікірінше бұл экспорттық ағынның 71 миллион тоннаға дейін көлемінің артуына себеп болады. Ал зауыттардың өңдеу көлемі бұрынғы деңгейде қалады.

«Ресей мұнайына қарсы санкциялар күшіне енгеннен кейін Қазақстан мен Ресейден келетін ағындар мен көлемдерді реттеу қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, Қытай қазақстандық мұнайды сатып алуды айтарлықтай шектейді. Осының аясында қазақстандық экспорттаушылар балама бағыттарды белсенді түрде пысықтауға кіріседі», дейді сарапшы.

Қазіргі таңда балама бағыт Каспий теңізімен Әзірбайжан арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалданыпжатыр. Бұл бағыт бойынша биыл 1,5 миллион тоннаға жуық мұнай жөнелту жоспарланып отыр. Ал 2026 жылға қарай бұл көрсеткішті 10 есеге артады деп күтілуде. Сондай-ақ былтырдан бастап Теңіз мұнайын Батуми портына теміржол арқылы тасымалдау жанданды. Сонымен қатар, Германия бағытында «Дружба» құбырының серверлік тармағымен жеткізілімдер басталды.

«Қазіргі таңда талқыланып жатқан қосымша бағыттардың ішінен ең алдымен Баку-Супса бағытын ерекше атап өтуге болады. Бұл бағыттағы мұнай құбыры бірнеше учаскесі өткен жылдан бері жұмыс істемей тұр. Сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылар Иран бағытына қызығушылық танытып отыр. Кейбір компаниялар Балтық елдері бағытында теміржол транзиті нұсқаларын қарастырып жатыр. Сонымен қатар «Дружба» құбырының оңтүстік тармағы да мұнай тасымалдаудың бір бағыты ретінде қарастырылып жатыр. Осы айда біз шығыс еуропалық өңдеушілермен кездестік. Олар да , өтініш айтып, «Дружбаның» оңтүстік тармағымен жұмыс істеу мәселесін қарастырып жатыр. Тағы бір бағыт ретінде Финляндияның теміржол бағыты да ұсынылды. Алайда логистикасының күрделілігіне байланысты жол шығындары жоғары болуы мүмкін», – дейді Argus өкілі.

Ол сонымен бірге КҚК негізгі бағыт болып қала беретінін, сонымен қатар биылғы жылы Қазақстаннан мұнай айдау көлемін жылына 56,5 млн тоннаға дейін арттыру күтіліп отырғанын айтты.