Түркияда орман өртеніп жатыр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Түркияның Орман шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, жұма күні Түркияның Мугла провинциясындағы Мармарис курортында орман өрті басталған.

«Біз Мармаристегі орман өрті басталды деген хабар ала сала сөндіруге кірістік. Өртті сөндіруге 9 тікұшақ, 6 ұшақ және өрт сөндірушілер мен орманшылар жұмылдырылған», делінген баспасөз хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде Мармаристе тұрғын үйлерге жақын маңда орман өртеніп жатқаны хабарланып, видеолар тарай бастады.

Мугла басшысы Орхан Тавлы Мармаристегі өрттің бақылауға алынғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз