Жаңалықтар

Ұлттық Банк алаяқтардың көбейгенін ескертеді

Нацбанк не планирует участвовать в программах льготного кредитования

Фото: kursiv.media

Ұлттық Банк kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінің сатып алушыларын алдап, коллекциялық монеталардың санына қойылатын шектеулерді айналып өтеді деген желеумен арнайы бағдарлама сатып алуға үгіттейтін алаяқтардың көбейгенін ескертеді.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі Қазақстан нумизматтарының тақырыптық топтарында алаяқтар «көмекші бағдарламаға» бір реттік жол ашу мүмкіндігін арнайы төлемге ұсынып жүр. Сөйтіп, ол бағдарлама ҚҰБ Интернет-дүкенінен сатып алушылардың себетіне коллекциялық монеталарды кез келген мөлшерде автоматты түрде қосады деп сендіреді» делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Сонымен қатар, адамдардың сеніміне кіру үшін коллекциялық монеталарды себетке салудың «сәтті» операциялары бар суреттер көрсетілетінін және «көмекші бағдарламаның» толығымен қауіпсіз екендігі туралы жалған ақпарат беріледі. Алайда, қолма-қол ақшаны алғаннан кейін, алаяқтар вирус немесе басқа да зиянды кодтардан тұратын бағдарламалық жасақтаманы ұсынады. Ол бағдарламалар пайдаланушы деректерінің таралып кетуіне немесе жоғалуына әкеп соқтыру мүмкін.

Сол себепті Ұлттық Банк сақ болуды, ҚҰБ Интернет-дүкенімен жұмыс істеу барысында күмәнді бағдарламалық жасақтаманы сатып алмауды және пайдаланбауды сұрайды.

«Сондай-ақ, ҚҰБ Интернет-дүкені Пайдаланушы келісімінің 11.4-тармағына сәйкес, сатып алушы басқа сатып алушылардан бәсекелестікке жатпайтын техникалық артықшылықтарды білдіретін және ҚҰБ Интернет-дүкенінің есептеу құралдарына жоғары жүктеме жасайтын автоматтандырылған жүйелер мен құралдарды (интернет-боттар мен басқа құралдар) пайдаланбауға міндеттеме алатынын еске саламыз. Осы тармақ бұзылған жағдайда Ұлттық Банк сатып алушының есептік жазбасын тұрақты бұғаттау құқығын өзіне қалдырады» деп хабарлайды баспасөз орталығы.