Путин елдегі төңкеріске байланысты үндеу жариялады

Жарияланды
Предательство и измена: Путин выступил с обращением на фоне мятежа ЧВК Вагнер. Что он сказал

Фото: kursiv.media

Ресей президенті халыққа үндеу жариялады.

Ол – Әскери күштер мен басқа да мемлекеттік органдарға қарулы көтерілісті ұйымдастырғандарды залалсыздандыру туралы бұйрық бергенін айтты.

«Бұл – ту сыртыңнан пышақ сұғу! 1917 жылы дәл осындай соққы болды, орыстар – орысты қырды. Бұдан Батыс пайда көрді. Билік Ресейдің екіге бөлінуіне, оның қайталануына жол бермейді, біз халықты қорғаймыз», деді.

Путин елдегі бірлікті ыдыратуға бағытталған әрекеттерді діннен безу деп бағалады. Ал Пригожинді елді анархияға, аласапыранға итермелеп жатқанын, соңында жеңілетінін айтты.

«Біз бұған қатаң жауап береміз. Бүлік пен лаңкестік жолына түскендердің барлығы қатаң жазаланады. Ведомстволар бұйрық алды, Ростовты бұғаттаудан шығару үшін шешуші шаралар қабылданады. Мен Ресейдің басшысы ретінде елді қорғау үшін бәрін жасаймын. Әскери бүлік ұйымдастырып, Ресейге опасыздық жасаған адамдар бұл ісі үшін жауап береді», – деді.

Fighters of Wagner private mercenary group are deployed in a street near the headquarters of the Southern Military District in the city of Rostov-on-Don, Russia, June 24, 2023. REUTERS/Stringer

Естеріңізге сала кетсек, Ресейде, «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин көтеріліс ұйымдастырды.

Жағдай 23 маусым күні ушықты. Сол күннің кешінде «Вагнер» жетекшісі Евгений Пригожин Ресей Қорғаныс министрлігін өзінің жалдамалы әскерінің «арттағы лагерлеріне» зымырандық шабуыл жасады деп айыптады. Осыдан кейін «Вагнер» жетекшісі кек қайтаратынын мәлімдеді.

Ал Пригожиннің баспасөз қызметі қызметі әскрилерді бұл жағдайға араласпауға шақырып, «жалдамалыларды тоқтатуға тырысқандардың әскери техникасын қиратамыз» деп үндеу жариялады.

Fighters of Wagner private mercenary group are deployed in a street near the headquarters of the Southern Military District in the city of Rostov-on-Don, Russia, June 24, 2023. REUTERS/Stringer

Терроризмге қарсы ұлттық комитет Пригожиннің мәлімдемесінен кейін ФСБ қызметінің қарулы көтеріліске қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Мұны кейін мемлекеттік прокуратура да растады. 

Соңғы ақпараттарға сенсек, Пригожин Дондағы Ростов қаласын әскери қарсылықсыз басып алды. «Қаланың бас штабының басшысы орнын тастап қашып кеткен», деді Пригожин. Ол биліктен генерал Герасимов пен Шойгуды сұрады. Содан соң Мәскеуге бет алатынын айтты.  

Елдегі жағдайдың ушыққанына байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі қазақстандықтардың Ресейге сапарламауын сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз