Жаңалықтар

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі елдегі жағдайға байланысты қазақстандықтарды Ресейге сапарламауын сұрады

МИД
Фото: ҚР СІМ

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі елдегі жағдайға байланысты қазақстандықтарды Ресейге сапарламауын сұрады.

«Ресейдің Украинамен шектесетін аймақтары қауіпті болғандықтан, ол жерлерге барудан бас тартуыңызды сұраймыз. Біз Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шектесетін аймақтарда жүрген барлық азаматтарды Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің консулдық бөлімшесіне тіркелулерін шұғыл түрде сұраймыз«, делінген хабарламада.

Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі. Ол үшін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің сенім телефонына хабарласқан жөн.

Естеріңізге сала кетсек, Ресейде, «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин көтеріліс ұйымдастырды.

Жағдай 23 маусым күні ушықты. Сол күннің кешінде «Вагнер» жетекшісі Евгений Пригожин Ресей Қорғаныс министрлігін өзінің жалдамалы әскерінің «арттағы лагерлеріне» зымырандық шабуыл жасады деп айыптады. Осыдан кейін «Вагнер» жетекшісі кек қайтаратынын мәлімдеді.

Ал Пригожиннің баспасөз қызметі қызметі әскрилерді бұл жағдайға араласпауға шақырып, «жалдамалыларды тоқтатуға тырысқандардың әскери техникасын қиратамыз» деп үндеу жариялады.

Осы үндеулерден кейін шамамен бір сағат өткен соң президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің «Пригожин төңірегінде болып жатқан жағдайдан хабардар» және «барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын» мәлімдеді.

Терроризмге қарсы ұлттық комитет Пригожиннің мәлімдемесінен кейін ФСБ қызметінің қарулы көтеріліске қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Мұны кейін мемлекеттік прокуратура да растады.