Іле-Балқаш резерватында қамыс өртеніп жатыр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Іле-Балқаш резерватында қамыс өртеніп жатыр. Бұл жайлы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Іле-Балқаш резерватының кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерлерінде, аумағы 150 гектар болатын алаң жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 гектар болған. Оның 6050 гектары сөндірілді», делінген хабарламада.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде космомониторинг суреттері тараған. Журналист Кирилл Павлов жексенбі күні спутник деректеріне сүйене отырып, Балқаш көлі маңында өрт болып жатқанын және оның бүгін ғана өртеніп жатпағанын, биліктен ақпарат жоғын жазған.

Ал баспасөз қызметі космомонитринг суретін бүгінгі күні «өзектілігін жоғалтты» деп хабарлады.

«ТЖД және «Іле-Балқаш» МТР» РММ күштерімен қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 га алаңда сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ», деп хабарлайды баспасөз ортылығы.

Сондай-ақ оқыңыз