«Вагнер» шабуылы тоқтады: Ресей әскері қақтығыста 1 ұшақ, 5 тікұшақ, 2 әскери көлік жоғалтты

Жарияланды (жаңартылды )
Бойцы ЧВК «Вагнер», танки и мирные жители. Как выглядит Ростов-на-Дону прямо сейчас
Фото: REUTERS/Stringer

«Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин Мәскеуге шабуылдау ниетінен бас тартты. Ол Беларусь президенті Александр Лукашенконың Ресей аумағында өз жауынгерлерінің қозғалысын тоқтату туралы ұсынысын қабылдады. Бұл туралы екі тараптың баспасөз қызметі хабарлады.

Олар жеке әскери компания жауынгерлерінің қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, шиеленіс тудырмауға келіскен.

«Вагнер» жеке әскери компаниясы үшін қауіпсіздік кепілдігімен жағдайды тиімді шешуге арналған келісімшарт дайындалды», делінген хабарламада.

Пригожин биліктің «Вагнерді» таратқысы келгенін мәлімдеді.

«Біз 23 маусымда әділдік шеруіне шықтық. Күндіз Мәскеуге дейін 200 шақырым жаяу жүрдік. Осы уақыт ішінде жауынгерлеріміздің бір тамшы қанын төккен жоқпыз. Енді қан төгуге болатын сәт келді, сондықтан орыс қаны екі жақтан төгілмеуі төгілмеуі үшін барлық жауапкершілікті сезіне отырып, біз әскерімізді кері бұрдық. Енді дала лагерлеріне кетіп бара жатырмыз», деді ол.

Ресей әскері бір күнде «Вагнермен» қақтығыс салдарынан Ил-22ВзПУ ұшағын (әуе басқару бекеті), үш Ми-8 электронды соғыс тікұшағын, Ми-35 тікұшағын, Ка-52 тікұшағын, «Тигр» жауынгерлік көлігін және әскери КамАЗ көлігін жоғалтты.

Естеріңізге сала кетсек, Ресейде, «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы 24 маусым күні Евгений Пригожин көтеріліс ұйымдастырды.

Жағдай 23 маусым күні ушықты. Сол күннің кешінде «Вагнер» жетекшісі Евгений Пригожин Ресей Қорғаныс министрлігін өзінің жалдамалы әскерінің «арттағы лагерлеріне» зымырандық шабуыл жасады деп айыптады. Осыдан кейін «Вагнер» жетекшісі кек қайтаратынын мәлімдеді.

Ал Пригожиннің баспасөз қызметі қызметі әскрилерді бұл жағдайға араласпауға шақырып, «жалдамалыларды тоқтатуға тырысқандардың әскери техникасын қиратамыз» деп үндеу жариялады.

Өз кезегінде Ресей президенті халыққа үндеу жариялап, елдегі бірлікті ыдыратуға бағытталған әрекеттерді діннен безу деп бағалады. Ал Пригожинді елді анархияға, аласапыранға итермелеп жатқанын, соңында жеңілетінін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз