Алдағы мереке күндері ХҚКО-лар жұмыс істемейді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз орталығы ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың жұмыс кестесін жариялады.

«2023 жылғы 28 маусым мен 6 шілдеде Қазақстанның ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары Құрбан Айт пен Астана күні мерекелеріне байланысты жұмыс істемейді. Бұл ретте кезекші ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың қызметкерлері 7 және 8 шілдеде азаматтарды сағат 13:00-ге дейін қабылдайды», делінген хабарламада.

Ал, 1 шілдеде еліміздің мамандандырылған ХҚКО-лары және Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып есептеледі. Осы күні ХҚКО-лар 18:00-ге дейін, МХҚО-лар 20:30-ға дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар корпопорация шетелдік автокөлітерді заңдастыру науқанына байланысты МХҚО-лар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлайды.

«Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта шетелдік автокөлікті заңдастыруға болатын еліміздің МХҚО-лары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар азаматтарды 1 шілдеге дейін жұмыс күндері сағат 9:00–ден 19:00–ге дейін (құжаттарды беру-20:30-ға дейін), сенбіде-9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру-19:30-ға дейін) қабылдайды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, ХҚКО жұмыс күндері азаматтарды 9:00–ден 18:00–ге дейін, кезекші ХҚКО-лар – жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбіде-9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-лар шетелдік автокөліктерді заңдастыру кезеңі аяқталғаннан кейін қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.

Ішкі істер министрлігі 1 шілде күні шетелдік автомобильдерді заңдастыру науқаны аяқталатынын мәлімдеп, азаматтарды 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгеруге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз