«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС Еуразия даму банкінен 150 млн доллар несие алады. Екі компания арасында келісім шартқа қол қойылды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС»Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) 150 млн доллар кридет желісін ашу туралы келісімге қол қойды. Қаражатты ағымдағы операциялық мақсаттарға бағыттау жоспарлануда, делінген хабарламада.
Алайда, ақпаратты қаражаттың қашан және қандай шарттармен берілетіні жазылмаған.
Атырау облысындағы полипропилен зауыты шикізат ретінде Теңіз кен орындарындағы газды пайдаланады. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 500 мың тонна түйіршікті полипропиленді құрайды. «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС»Қазақстанға, ТМД және Еуроодақ елдеріне, Түркия мен Қытайға тұрақты өнім жеткізуді жолға қойды. Кәсіпорын 2022 жылдың 8 қарашасында өнеркәсіптік пайдалануға берілген.
Еуразиялық даму банкі – халықаралық қаржы ұйымы. Жарғылық капиталы 7 млрд долларды құрайды.