Ең бай қазақстандық автоспортқа қаржы салды
Фото: kursiv.media
Байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланған ең бай қазақстандық Владимир Ким Hitech GP жарыс командасына иелік ететін Hitech Global Holding Limited компаниясының 25 пайыз акциясын сатып алды, деп хабарлайды Іndependent.
Мәміле сомасы жарияланбайды. 2002 жылы құрылған Hitech GP «Формула-«2» және «Формула-3» чемпионаттарында жарысқа қатысады. Жақында команда Формула-1 жарыстарына қатысуға лицензия алды. Ол жарыстар 2026 жылғы маусымда басталады деп күтілуде. Сол кезде оның қатысушыларынң құрамы Германияның Audi автоконцернінің командасымен толығады деп күтілуде.
Өткен жылға дейін Hitech GP-дің негізгі иесі ресейлік, «Уралкали» компаниясының басшысы Дмитрий Мазепин болған. Оның ұлы Никита Мазепин «Формула-2» жарыстарында Hitech GP жарысушысы ретінде қатысатын. Содан кейін ол «Формула-1»-ге көшіп, онда «Уралкали» демеушілігімен американдық Haas командасының атынан шығып жүрді.
Украинада соғыс басталғаннан кейін санкциялар сақтанған Мазепин Hitech Global Holding Limited акцияларының бақылау пакетін команда басшысы Оливер Окске береді.
Владимири Ким бұған дейін боксшы Геннадий Головкин сияқты қазақстандық спортшыларға демеушілік жасаған. Бұл мәміле оның Hitech автоспортына алғаш араласуы.
«Автоспорт мен үшін бұрыннан келе жатқан жеке қызығушылық болды және мен көптеген санаттар бойынша табысқа қол жеткізген және болашақа қатысты үлкен амбициялары бар ұйыммен серіктес болғаныма қуаныштымын», деп білдірген өз ойын қазақстандық олигарх.
Forbes Kazakhstan-ның 2023 жылғы бай бизнесмендер рейтингісінде Владимир Ким бірінші орында тұр. Бизнесменнің байлығы 4,6 млрд долларға бағаланады. Оның «KAZ Minerals»-тағы активтерінің үлесі 63,5%, Kazakhmys Copper-де 70% және Bank RBK-дағы үлесі 89,7% құрайды.
Ол сонымен бірге «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар Кеңесінің төрағасы Эдуард Огаймен бірлесіп «Елбасы Қоры» компанияларының үлесін сатып алды.