Мемлекетке 100 млн-нан аса шығын келтірген кәсіпкерге шартты жаза кесілді

Жарияланды
Shutterstock

Қаржы мониторингі агенттігі мемлекетке 109 млн теңгеге жуық шығын келтірген кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықаннын хабарлады.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша Департаментінің ақпаратына сәйкес, кәсіпкер жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беріп отырған.

«Халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын жеке кәсіп иесі оның атынан «ТехнологияГорМаш» және «ТД СнабСервис» ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды, бірақ іс жүзінде бұл тауарларға жеткізушілері болмаған. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді», делінен хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылды. Оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды атқаруға 5 жылға тиым салынды. Сонымен қатар, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылу түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз