Polymetal компаниясы Қостанайда орман егуге ниетті

Жарияланды

Polymetal компаниясы биыл Қазақстанның көміртегі бірліктері тізіліміне орман-климат жобасын тіркеуге ниетті. Бұл туралы климат және декарбонизация бөлімінің басшысы Михаил Васильевке сілтеме жасай отырып, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

Әңгіме Қостанай облысында орман өсіру жобасы туралы. Жобаның бірінші кезеңі 2025 жылға қарай 750 гектар аумаққа көшет егуді көздейді, бүкіл жоба 1,5 мың гектарды қамтымақ.

«Егілетін көшеттер тамыр алып кетуі үшін, оған қоса тұрғындарының жағдайын ескере отырып, қолайлы жер учаскелерін таңдауды аяқтап жатырмыз. 2023 жылдың екінші жартыжылдығында қажетті жерге зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Алғашқы көшеттерді 2024 жылдың жаз маусымы басында отырғызуды жоспарлап отырмыз. Алдын ала есеп бойынша, жаңа орманның көмірқышқыл газын сіңіру әсері 18 мыңға тонна СО2 дейін жетеді», – деді Васильев.

Сонымен қатар, «Полиметалл» Варвара хабында (Қазақстанның солтүстік-батысында) күн электр станциясын салу жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырып жатыр

«Біз сондай-ақ «жасыл» энергияны 100% қамтамасыз ету үшін Қазақстанда тіркелу нұсқасын қарастырып жатырмыз», – деді Васильев.

Полиметаллдың біріктірілген есебіне сәйкес, газ поршенді электр станциясымен біріктірілген қуаттылығы 23 МВт күн электр станциясын салынбақ. Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау 2023 жылдың соңына дейін күтілетіні атап өтілді.

Polymetal – Ресейдегі ең ірі күміс өндіруші және жетекші алтын өндіруші кәсіпорындардың бірі. Холдингтің кәсіпорындары Магадан және Свердлов облысы, Хабаровск өлкесі, Якутия, Чукотка және Қазақстанда орналасқан. Ең ірі акционер – Александр Несис пен серіктестердің «IST» тобы (шамамен 24%).

Мамыр айында Полиметалл Джерси аралдарынан кетіп, «Астана» ХҚО-на тіркелуге ниетті екені жариялады. Ай соңында Polymetal акционерлері Қазақстанға ауысуды мақұлдағаны жайлы ақпарат жарық көрді.

Компания санкцияларға ұшырау қаупінің алдын алу үшін ресейлік және қазақстандық бизнесті бөлуді шешті. Мамыр айының ортасында АҚШ билігі ресейлік Polymetal құрылымына — «Полиметалл»компаниясына санкция салған еді.

Алайда Polymetal International plc атқарушы директоры Виталий Несис компанияның Қазақстандағы активтері санкцияға ұшырамайтынын мәлімдеді.

7 маусымда Компанияның Инвесторлармен байланыс жөніндегі директоры Евгений Монахов Polymetal International PLC компаниясы Қазақстанға шілденің ортасына қарай толық көшіп болатынын мәлімдеді.

Компания өкілі редомициляция процесі туралы айтып, бұл орайда не себепті Қазақстанды таңадағанына тоқалды.

«Біздің компания Ұлыбританиядан Қазақстанға интеграция жасап жатыр. Оған геосаяси жағдай себеп болды. Бірақ қиындықтарға қарамастан өз бизнесімізді дамытып жатырмыз. Біз бұл орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығын таңдадық. АХҚО инфрақұрылымы біздің талаптарымызға сай келді. Сонымен бірге Қазақстанда біздің екі кен орнымыз бар. Сол себепті де біз осы елге көшуді жөн санадық. Шілденің ортасына қарай біз Қазақстанға толық көшіп боламыз», деді Евгений Монахов.

Сондай-ақ оқыңыз