Пригожиннің қарулы көтерілісіне қатысты тергеу тоқтаған жоқ – БАҚ

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Евгений Пригожиннің қаруыл көтерілісіне қатысты тергеу амалдары әлі де тоқтаған жоқ. Бұл жайлы
«Коммерсант» хабарлады.

«Коммерсант» мәліметінше «Вагнер» жалдамалы әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожинге қатысты қарулы бүлік ұйымдастыру, яғни Қылмыстық кодекстің 279-бабы бойынша қозағлаған қылмыстық іс тоқтаған жоқ. Бұл істі қазіргі таңда Ресей ФСБ тергеу бөлімінің тергеушілері тексеріп жатыр.

Бұл іс 23 маусым күні қозғалды. Ал Пригожинге қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылатыны туралы Беларусь президенті Александр Лукашенконың келіссөздерінен кейін белгілі болды. Президенттің хатшысы Дмитрий Песков Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылатынын мәлімдеген болатын. Нәтижесінде «Вагнер» жасағы Мәскеуге жорығын тоқтатып, басып алған Дондағы Ростов қаласын босатып, дала лагеріне оралған еді.

25-і күні көптеген БАҚ өкілдері мен пен Telegram арналар ФСБ тергеуі тоқтағанын, бүлік туралы іс қозғау туралы Бас прокуратураның шешімі күшін жойғанын хабарлады. Дегенмен «Коммерсант» басылымының қадағалаушы агенттіктегі дереккөзі қылмыстық іс қозғау туралы шешімнің әлі күшін жоймағанын, көтеріліске қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтқан.

Ресейдің Қылымстық кодексінің 279-бабы бойынша «Қарулы көтеріліс» жасауға алдын ала дайындалғандар 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, кейін екі жылға дейін бас бостандығын шектеумен жазаланады.

Естеріңізге сала кетсек, 24 маусым күні Ресейде, «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин көтеріліс ұйымдастырды. Оның әскері Ресейдің Дондағы Ростов және Воронеж қаласын басып алып, Мәскеуге шабуылдамақшы болды.

Путин елдегі төңкеріске байланысты үндеу жариялап, елдегі бірлікті ыдыратуға бағытталған әрекеттерді діннен безу деп бағалады. Ал Пригожинді елді анархияға, аласапыранға итермелеп жатқанын, соңында жеңілетінін айтты.

Белорусь президенті Александр Лукашенконың араласуымен екі тарап өзара келісімге келіп, «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Мәскеуге шабуылдау ниетінен бас тартты. Ол Беларусь президенті Александр Лукашенконың Ресей аумағында өз жауынгерлерінің қозғалысын тоқтату туралы ұсынысын қабылдады. Бұл туралы екі тараптың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей әскері «Вагнермен» қақтығыс салдарынан Ил-22ВзПУ ұшағын (әуе басқару бекеті), үш Ми-8 электронды соғыс тікұшағын, Ми-35 тікұшағын, Ка-52 тікұшағын, «Тигр» жауынгерлік көлігін және әскери КамАЗ көлігін жоғалтты.

Сондай-ақ оқыңыз