«Қазатомөнеркәсіп» Инкай кен орнын игеруді жоспарлап отыр

Жарияланды

Фото: Қазатомпром

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» уран кен орнының жаңа учаскесін игеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазатомөнеркәсіп пен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында Инкай кен орнының № 3 учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін тікелей келіссөздер жүргізілді»,- делінген хабарламада.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін қоса алғанда, әзірленетін жобалау құжаттарының негізінде 25 жыл мерзімге жасалатын болады. Уран өндіру мақсатында Инкай кен орнының №3 учаскесінде жылына ең жоғары қуаты 4 000 тонна уран болатын өндірістік объектілер салу жоспарланған.

Инкай кен орны Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан. Инкай кен орнының №3 учаскесіндегі уран қоры 83,1 мың тоннаны құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз