«Самұрық Энерго» акцияларын жалғыз құрылтайшысына сату арқылы капитал қорын 24 млрд теңгеге ұлғайтады

Жарияланды
Shutterstock

«Самұрық-Энерго» холдингі 24 миллиард теңгеге қосымша акция шығарып, Қазақстан қор биржасында орналастырады.

Холдинг құрамына Қазақстан бойынша электр станциялары желісі мен қуат көзін өндіретін компаниялар мен жаңартылатын энергия көзін өндіретін компаниялар кіреді.

Қосымша эмиссия жөнінде шешім «Самұрық-Энерго» акционерлерінің 2-ші жалпы жиналысында қабылданған. Сатып алушы холдингтің жалғыз иесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры болады. Барлығы 95,4 мың теңге болатын 235,5 мың жай акция шығарылады.

Қазіргі уақытта айналымда «Самұрық-Энерго» АҚ 5,6 млн жай акциясы бар, меншікті капиталы 553,7 млрд теңгені құрайды. «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа жиналған қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Алайда қосымша эмиссияның қашан орындалатыны хабарланбайды.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Самұрық-Энергоның» сату көлемі 114,3 млрд теңгені, таза кірісі – 20,6 млрд теңгені құрады, холдингтің жалпы активтері 1 сәуірдегі жағдай бойынша 969,6 млрд теңгені, міндеттемелері – 415,9 млрд теңгені құрады.

2007 жылы құрылған «Самұрық-Энергоның» негізгі активтерінің қатарында энергия өндіруге маманданған Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2, Алматы электр станциялары (АлЭС), «Богатырь Көмір», Бұқтырма СЭС пен жаңартылатын энергия көздерін өндіруге бағытталған EWP және Samruk Green Energy компаниялары бар.

Сондай-ақ оқыңыз